БҰҰ-ның Женевадағы бөлімі Қазақстанның халықаралық бастамасын қолдайды ?С.Орджоникидзе

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Женевадағы Елшісі және Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы және басқа да халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілі Аманжол Жанқұлиев өзінің дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты осы жылғы ақпанның 23-інде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Еуропадағы бөлімшесінің Бас хатшысы Сергей Орджоникидземен кездесу өткізді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап. Кездесу барысында А.Жанқұлиев БҰҰ Еуропадағы бөлімшесінің Бас хатшысы С.Орджоникидзеге Қазақстанға достық қарым-қатынасы үшін алғысын білдірді және екі елдің мүддесі үшін ҚР мен БҰҰ арасындағы дәстүрлі ынтымақтастық пен өзара іс-қимылдың бұдан әрі де тереңдей беретіндігіне сенімін білдірді.С.Орджоникидзе Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІ Съезі ауқымында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден алған мол әсерімен бөлісті және Мемлекет басшысына өзінің ең жақсы тілектерін жеткізуді сұрады. Бас хатшы біздің еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап, саяси және экономикалық әлеуетінің өсіп келе жатқандығын, сондай-ақ, оның аймақтың алдыңғы қатардағы көшбасшысы атанып отырғандығын атап өтті. Кездесу барысында әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарынан, қазіргі таңдағы қалыптасып отырған жағдайлар туралы да пікір алмасулар болды. А.Жанқұлиев республикадағы ахуал және ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы қабылдап жатқан шаралары туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Соңғы жаңалықтар