БҰҰ-ның Жоғарғы комиссариатының Босқындар ісі жөніндегі басқармасы әріптестік қатынаста БАҚ өкілдерінің рөлін жоғары бағалайды

АЛМАТЫ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бұқаралық ақпарат құралдары - біздің үлкен серіктесіміз.
None
None

Оны БҰҰ-ның Жоғарғы комииспиатының Босқындар ісі жөніндегі басқармасының аймақтық өкілі және Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Сабер Азам Алматыда БАҚ өкілдерімен болған кездесуде айтты.

"Біз серіктестікте мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдармен бірге БАҚ-пен әріптестікке ерекше мән береміз. Біз сіздердің көмегіңіз арқылы Солтүстік Африкада, Индонезияда Пәкістанда және тағы басқа елдерде не болып жатқанын білеміз. Сіздер босқындар мен азаматтығы жоқ адамдардың құқын түсіндіруде үлкен рөл атқарасыздар. Біз бір дененің бөлінбес бөлшегіміз", - дейді С. Азам. Оның айтуынша, ағымдағы және алдағы жылда БҰҰ-ның Жоғарғы комиссариатының Босқындар ісі жөніндегі басқармасы көптеген мерейтойлық шараларды атап өткізбек. Азаматтықты қысқарту туралы конвенциясына - 50, Босқын мәртебесін беру туралы конвенцияның қабылданғанына - 60 жыл толады.. Сондықтан осы мерейтой аясында бұл мәселелерге жұртшылық назарын тағы да аударуға мүмкіндік туып отыр.

Соңғы жаңалықтар