БҰҰ өкілі «Жусан» арнайы операциясы әлем елдері үшін үлгі екенін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның шиеленіс аймақтарынан өз азаматтарын алып шығу бойынша ұйымдастырған «Жусан» гуманитарлық арнайы операциясы өзге мемлекеттерге үлгі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумында сөз сөйлеген БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Терроризмге қарсы комитетінің атқарушы директоры Наталья Герман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Қазақстан әлем елдері арасында алғашқылардың бірі болып шет елдердегі шиеленіс аймақтарынан өз азаматтарын шығарған мемлекет. «Жусан» арнайы операциясын ұйымдастырып, Сириядан қазақстандықтарды алып шыққанын әлем елдері біледі. Қазақстанның бұл бастамасы қақтығыс аймағынан өз азаматтарын шығармаған өзге шет мемлекеттер үшін үлгі, мол тәжірибе. Қазір терроризимнен төнетін қауіпке жеке емес, тек елдердің бірлескен күш-жігері арқасында төтеп бере аламыз. Бұл бағытта БҰҰ өз жұмысын жалғастырып, Орталық Азия елдерімен серіктестікте болады», - деп мәлім етті Наталья Герман.

Еске салайық, бұған дейін елордада Азиядағы қауіпсіздік және ынтымақтастық форумы өтіп жатқанын хабарлап едік. Оған Азия елдерінен келген 60-тан астам сарапшы қатысып жатыр.


Соңғы жаңалықтар