БҰҰ өкілі: Барлық халықаралық журналистерге Газада жұмыс істеуге рұқсат берілуі тиіс

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ халықаралық журналистердің Газаға жедел әрі қауіпсіз кіруін талап етеді, деп хабарлайды Анадолы.

БҰҰ өкілі: Барлық халықаралық журналистерге Газада жұмыс істеуге рұқсат берілуі тиіс
Фото: Анадолы

Израиль кіргізуден бас тартқан барлық халықаралық журналистерге Газа секторына жедел, қауіпсіз және кедергісіз кіруге мүмкіндік берілуі қажет. 

Бұл туралы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының өкілі Тамин әл-Хитан мәлімдеді.

— Біздің әріптестеріміз Газада әлемге шындықты жеткізіп отырды, ал Израиль халықаралық журналистерді бұл аймаққа кіргізбейді. Газадағы журналистерге жасалған шабуыл — сол жерде болып жатқан шындыққа жасалған шабуыл емес пе? , — деді ол.

Әл-Хитанның айтуынша, 10 тамызда Газа қаласындағы «Аш-Шифа» ауруханасының жанында орналасқан журналистер лагеріне Израиль әскері соққы жасап, палестиналық алты журналист қаза тапқан. Құрбандардың арасында Al Jazeera тілшілері Анас аш-Шериф пен Мұхаммед Курайка да болған. Бұл оқиға халықаралық гуманитарлық құқық нормаларының «өрескел бұзылуы» ретінде бағаланды.

— Біз барлық журналиске Газада жедел, қауіпсіз және кедергісіз жұмыс істеу мүмкіндігі берілуін талап етеміз, — деді БҰҰ өкілі. 

Айта кетелік Газа секторында аштықтан тағы 5 адам көз жұмды

Соңғы жаңалықтар