БҰҰ: өткен аптада Жер орта теңізінде 880 босқын қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен аптада Жер орта теңізінде 880 босқын қаза тапты, деп хабарлады БҰҰ Босқындар істері агенттігінің ресми өкілі Уильям Спиндлер.
None
None

Көбінесе Еуропаға өтуге тырысқан босқындардың қайықтары аударылып, суға батып кеткен.

Жыл басынан Жер орта теңізінде 2,5 мыңға жуық адам суға кетті. Өткен жылы сәйкес кезеңде - 1,8 мың адам, 2014 жылдың алғашқы бес айында 57 адам ажал құшқан, деп хабарлады Би-Би-Си.

Биыл БҰҰ бағалауынша, Еуропаға Жер орта теңізі арқылы 200 мыңдай адам өтуге тырысқан. Олардың төрттен үші Түркиядан Грекияға жеткен. 47 мыңдай адам Италияға өткен.

Бұл ретте Солтүстік Африкадан Италияға өту барынша күрделі.

Европол мамыр айының басында босқындардың Еуропаға өту жолы туралы баяндама жасады. Еуропалық полицейлердің пікірінше, мигранттардың маршрутын қылмыстық топ ұйымдастырады. Бұл бизнес айналымын «Европол» 5-6 млрд долларға бағалады.

Соңғы жаңалықтар