БҰҰ Палестина мәселесін талқылады

ООН
Фото: golosameriki.com/ Антониу Гутерриш

АСТАНА. KAZINFORM – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Таяу Шығыстағы қақтығысқа қатысты барлық мүше мемлекеттердің қатысуымен өткен кеңейтілген отырысында БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш кез-келген тараптың екі мемлекет туралы шешім қабылдаудан бас тартуы үзілді-кесілді қабылданбауы керектігін айтты, деп жазады Америка дауысы.

Антониу Гутерриш Израиль-Палестина қақтығысын екі мемлекеттің тіршілік ету принципі негізінде шешім қабылдау арқылы ғана тоқтатуға болатынын айтты.

– Израильдіктер өздерінің заңды қауіпсіздік қажеттіліктерінің қалай жүзеге асырылатынын, ал палестиналықтар толығымен тәуелсіз, өміршең әрі егемен мемлекет құруға деген заңды ұмтылыстарының БҰҰ қарарларына, халықаралық құқыққа және алдыңғы келісімдерге сәйкес қалай жүзеге асырылатынын көруі керек, – деді БҰҰ Бас хатшысы.

Палестина сыртқы істер министрі Рияд әл-Малики Біріккен Ұлттар Ұйымының Палестина мемлекетін мойындайтын уақыты келгенін айтты.

– 75 жыл бұрын Израильді Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдаған кезде біз вето құқығына ие болмадық. 75 жылдан кейін Израильдің Палестина мемлекетін қабылдауға вето құқығы жоқ,-деді Рияд әл-Малики.

Ондаған жылдарға созылған Таяу Шығыстағы қақтығысты талқылау мақсатындағы ірі кездесу БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде жылына төрт рет өтеді және барлық мүше елдердің қатысуы үшін ашық.

Бұл кездесуде 50-ден астам елдің сыртқы істер министрі сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар