07:56, 29 Желтоқсан 2015 | GMT +5
БҰҰ санкциясы алынған соң Иран ШЫҰ-ға кіруге ниетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ санкциясын алып тастағаннан кейін бірден Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіру өтінімі қаралады. Бұл туралы халықаралық ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев хабарлады.

«ШЫҰ құрылған бастапқы кезеңде БҰҰ санкциясындағы ел толыққанды мүше мәртебесін алмайтын жағдай белгіленді. Ұйым санкцияны алып тастау үшін қажетті заңдық рәсімдер барынша жылдам іске асырылу үшін ирандық ядролық бағдарлама бойынша жұмыстарды толық аяқтауда бұл елге табыс тіледі», - деген Мезенцевтің сөзін келтірді РИА Новости.
ШЫҰ-ға Ресей, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. Беларусь, Моңғолия, Үндістан, Иран, Пәкістан және Ауғанстан елдері қадағалаушылық мәртебеге ие.