БҰҰ Сирия туралы келіссөздерді Астанада жүргізу бастамасын қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Негізгі мақсат Сириядағы инклюзивті саяси үдеріс болып қала береді, сондықтан БҰҰ бұл бағыттағы барлық бастамаларды, оның ішінде Астанада кездесу өткізуді қолдайды, деп мәлімдеді журналистерге Сирия бойынша БҰҰ арнайы елшісі Стаффан де Мистура, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

«Біздің мақсатымыз толық инклюзивті болатын және БҰҰ ҚК 2254 қарарына негізделетін Сириядағы саяси үдеріс. Бірақ, қазіргі саясатты ескере отырып, бұл үшін көп жұмыс істеу қажеттігін түсінеміз. Сол себепті, біз дәл осы бағыттағы Астананың және өзге де қалалардың бастамаларын қолдаймыз», - деді ол.

Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сириядағы даулы тараптарға Астанадағы жаңа алаңда бейбіт келіссөздер жүргізу туралы ұсыныс жасау жөнінде келісімге келгенін мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жаңа алаңды Женева келіссөздері толықтыруы мүмкін.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен және Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесу барысында аталған бастаманы қолдады және осындай келіссөздер үшін қазақстандық астананың дайын екенін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы еліміздің Сириядағы жанжалды бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық күш салуды үнемі қолдап келе жатқанын атап өтті. 

Соңғы жаңалықтар