08:40, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
«Бұзушылықтарға нөлдік төзімділікпен» қараған Павлодар облысының полицейлері 800-ден астам адамды ұстады
ПАВЛОДАР. 19 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының аумағында өткізілген «Бұзушылықтарға нөлдік төзімділік» жедел-алдын алу іс-шарасының төрт күнінде полицейлер 805 адамды ұстады, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін аймақтың 248 тұрғыны тоқтатылды, қоғамдық орындарда «түтіндеткен» 89 шылымқор жауапкершілікке тартылды.
Мысықтар мен иттерді ұстау ережелерін сақтамаған 128 адам анықталды. Қоғамдық пайдалану орындарын, саябақтарды ластағаны және коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін 87 адам жазаланды.