Бұзылған қауын 13 адамды мерт қылды

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - АҚШ-та бұзылған қауыннан 13 адам мерт болды, тағы 70 адам ауру жұқтырған. Ішек аурулары инфекциясы - листериоз - елдің көптеген штаттарына жайылуда.
None
None

Егер алғашқы оқиға 31 шілдеде тіркелген болса, қазірдің өзінде инфекция 18 штатқа таралған, деп хабарлады Утро.ру агенттігі. Барлық пациенттердің тамаққа Колорадо штатындағы Денвер қаласының Jensen Farms ауыл шаруашылығы кәсіпорны шығарған жұпар иісті қауынды пайдаланғаны анықталды. Листериоз патогендік листерия бактерияларын тудырады. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі агенттігінің мамандары қауіпті ішек аурулары Еуропаға Египеттен әкелінген деген қорытындыға келіп отыр. Бұл ауру Еуропаның Германия және Швеция елдеріне де таралып отыр.

Соңғы жаңалықтар