12:50, 11 Шілде 2009 | GMT +5
«Былғары доп-2009» турнирі 2 мыңдай баланың басын қосты - Семей
СЕМЕЙ. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Семейде балалардың аула командаларының арасында футболдан «Былғары доп-2009» қалалық турнирі өтуде.

Қала әкімінің жүлдесі үшін өтіп жатқан турнирді қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері, аула клубтарының қауымдастығы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлем балаларының арасындағы ең танымал ойынның жарыстары жаз бойына өтеді. Оған 60-тан астам команда - 2 мыңнан астам ұл балалар мен қыз балалар қатысуда.