Былтыр архивке өтініш жолдағандардың 60%-ға жуығының құжаттары табылмаған
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы мемлекеттік архивтерге өтініш жолдағандардың 60%-ға жуығының құжаттары табылмаған. Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында осындай деректер келтірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жыл сайын мемлекеттік архивтерге орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, архивтік ақпаратты пайдаланушылардың 500 мыңнан астам сұрау салуы келіп түседі. Алайда, мемлекеттік сақтауда құжаттардың болмауына байланысты оларға теріс жауаптар беріледі. Мысалы, 2022 жылы архивке келіп түскен 459 957 сауалдың 272 357-не теріс жауаптар берілді, бұл 59%-ын құрайды», - делілген құжатта.
Еске сала кетейік, бұған дейін архивке тапсырылуы тиіс құжаттарды жиі жоғалтатын төрт министрлік туралы жазып едік.
Сонымен қатар минстрлік 13 облыстың архиві толған, тиісінге құжат сақтайтын орын жоқ екенін мәлімдеді.
Бұған қоса елімізде архив құжаттарының 98 пайызы өрттен қорғалмаған ғимараттарда сақтаулы тұр.