Былтыр Астанада 3 қылмыстық топ әшкереленді

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Астанадағы қылмыстық жағдай тұрақты.
None
None
Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиында ІІД бастығы Марат Демеуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, қалада 3190 қылмыс тіркелген. Бұл 2007 жылмен салыстырғанда 9 пайызға кемігендігін білдіреді. Соның ішінде адам өлтіру, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық фактілері азайғандығын көрсеткен. Беті ашылған аса ауыр және ауыр қылмыстық істер көбейіп отыр. «Былтыр ішкі істер органдарының күшімен 28 қылмысқа қатысы бар 3 қылмыстық топ әшкереленді. Оның екі басшысы мен 18 мүшесі қолға түсті», деді М.Демеуов.«Жасөспірімдермен жасалатын құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың саны 18 пайызға азайды. Көбіне-көп бұған мектептердегі инспекторлардың жұмысы әсер етті. Қала әкімдігінің көмегімен инспекторлар елордадағы бүкіл мектептерде қызмет істейді. Мұғалімдермен бірлесе отырып олар мектеп қабырғаларында орын алатын ұрлау және есірткі заттарының таралуына жол бермеу істерімен айналысады», деп атап көрсетті ол.
Соңғы жаңалықтар