Былтыр елдегі кәсіпорындарда болған апттардан 15 адам көз жұмды
«Қазіргі уақытта өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында 10 мыңға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын қадағалануда. Олардың құрамында 200 мыңнан астам қауіпті өндіріс нысандары бар. Қауіпті өндірістік нысандарды пайдалану процесінде қолданылатын технологиялық жабдықтың моральдық және физикалық тозуына, оның уақыты ауыстырылмауына және жөнделмеуіне байланысты төтенше жағдайлар болу қауіпі туындайды. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 28 авария тіркеліп, салдарынан 32 адам зардап шекті. 15 адам қайтыс болды. Өздеріңіз білетіндей, осындай авариялардың бірі өткен жылы қараша айында «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының Ленин атындағы шахтасында болып, салдарынан 9 адам зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болды», - деді комитет төрағасы.
Еске салайық, былтыр 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада апат болды.
Артынша бір оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған еді. Сонымен бірге «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысы тоқтауы мүмкін екені айтылды.