16:15, 23 Қаңтар 2013 | GMT +5
Былтыр елімізде жан басына шаққандағы ЖІӨ 12 мың 100 долларды құрады - Үкімет басшысы
АСТАНА. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің мөлшері алдын ала бағалау бойынша 12 100 АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан 2012 жылдың қорытындылары мен «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру міндеттері бойынша өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысына сәйкес, Ұлттық қор активтері өткен жылы шамамен 32 пайызға өсіп, 57, 8 млрд. долларға жеткен. «Өткен жылы елімізге сырттан келетін инвестиция көлемі де артты, экспорттық бағалау бойынша шамамен 20 млрд. доллар шетел инвестициясы тартылды», - деді Премьер-Министр.