Былтыр елордада есірткі айналымына қатысты 270 қылмыс тіркелді ? ІІД бастығы М.Демеуов

АСТАНА. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Былтыр елордада есірткі айналымына қатысты 270 қылмыс тіркелді.
None
None
Оның 170-і тарату фактілері. Бұл туралы бүгін Астана қалалық ішкі істер департаментінде Ішкі істер министрі Бауыржан Мұхамеджановтың және Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен 2008 жылдың жұмыс қорытындысына арналған жиында ІІД бастығы Марат Демеуов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Астана әкімдігімен бірге қалада «Астана ? есірткісіз қала» атты аймақтық бағдарлама жасалуда. Басты мақсат ? елордаға есірткі заттарын жеткізу арналарын анықтап, жолдарын кесу. Былтыр елордада есірткі айналымына қатысты 270 қылмыс тіркелді. Жыл ішінде 155 килә есірткі тәркіленді, оның 8 киләсі героин», деді М.Демеуов.Арналарды жою үшін қала кіреберістерінде орналасқан «Шеп» бекеттерінде тәулік бойы жұмыс жүреді. «Біз Астана төңірегінде қорғау белдігін құру жұмыстарымен айналысып жатырмыз. Көршілес облыстың ішкі істер органдарымен байланыс орнаттық. Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының полицейлерімен бірге есірткі тасымалдаушыларды құрықтауға қатыстық. Алда да бұл тәжірибе жүргізілетін болады», деді Ішкі істер департаментінің бастығы.
Соңғы жаңалықтар