Былтыр Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 15 млрд 772,2 млн доллар құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Былтырғы 2015 жылы Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен өзара саудасы 15 млрд 772,2 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға аз.
None
None

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылы Қазақстанның экспорты  4 млрд 886,8 млн. доллар (31,7%-ға аз), ал импорт  10 млрд 885,4 млн. доллар (27,1%-ға аз) болды.

«Қазақстан Республикасының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер құрады, бұл ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне 43,9 пайызды құрайды. Ал химиялық өнеркәсіп өнімдері 19,4 пайыз, металдар және олардан жасалған бұйымдар 17,7 пайыз, мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 8,6 пайызды құрады», делінген баспасөз баянында.

Сонымен қатар, ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 29,7%), минералды өнімдері (15,0%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (14,0%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,8%), мал және өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары (13,2%) әкелінген. 

Соңғы жаңалықтар