Былтыр «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына 800 мыңнан астам адам хабарласқан
"2013 жылы Қоғамлық қабылдауларға 800 мың адам өтінішпен келді, азаматтарды жеке қабылдау тәжірибесін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары да қолдайды. Мысалы, 2013 жылы Үкіметтің деңгейінде министрлердің 700-ден астам адамды қамтыған 60 қабылдауы өткен. Дәл осындай жұмыс облыстық және аудандық деңгейде де өткізілген", - деп атап өтті Б. Байбек. Естеріңізде болса, өткен жылдың 1 желтоқсанында патрия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық қоғамдық қабылдаудың жаңа ғимаратында азаматтарды жеке қабылдап, партиямен "онлайн" режимде тікелей байланыс жасауға мүмкіндік туғызатын "Электронды партия" жобасын іске қосқан болатын. "Аталған жүйенің арқасында біз мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы объективті ақпараттарды "бірінші қолдан" алып, тіпті әрбір ауданға дейінгі барлық өрісі мен саласына бақылау жүргізе аламыз", - деді Б.Байбек.