Былтыр отбасында жәбір көрген 27 мың әйел сенім телефоны арқылы көмек сұраған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылы зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары сенім телефоны арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің онлайн-брифингінде ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Былтыр отбасында жәбір көрген 27 мың әйел сенім телефоны арқылы көмек сұраған

«Өткен жылы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің инспекторлары сенім телефоны арқылы 27 мыңнан астам әйелге кеңес берді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 9 мыңнан астам зардап шеккен адам дағдарыс орталықтарына жүгінді. Дағдарыс орталықтарының сенім телефонына 5 мыңға жуық қоңырау түсті. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің инспекторлары 3 мыңнан астам адамды уақытша баспанаға орналастырды», - деді Шұғыла Тұрлыбек.

Сондай-ақ, 5,5 мыңнан астам әйел полицияға арыз түсіріп, соның негізінде 22 адам қылмыстық, 4 731 агрессор әкімшілік жауапкершілікке тартылған.