Былтыр Павлодар облысында 49 көше мен тоғыз нысанның атауы ауыстырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы Павлодар облысында 49 көше мен тоғыз нысанның атауы ауыстырылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Бұл туралы «Ертіс» баспасөз клубында өткен брифинг барысында Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Сәуле Османова мәлім етті.

- Өңірде 2004-2010 жылдар аралығында 225 көше атауы ауыстырылған. Бұдан басқа, 2015 жылы ономастикалық атауларды өзгертуге жарияланған мораторийден тыс ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған Бердібек Сапарбаевтың арнайы тапсырмасы бойынша Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай өңірде атау беру және қайта атау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, былтыр Павлодарда бір көше, Ақсуда алты көше және Екібастұзда екі көшенің атауын өзгерту туралы ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияға жолданған болатын, - деді Сәуле Османова.

Еске сала кетейік, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау қарсаңында Павлодар қаласындағы №22 орта мектепке және Ақсу қаласына қарасты Порганичник ауылындағы білім ұясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген.

Соңғы жаңалықтар