Былтыр республикада бой көтерген 114 мектептің үштен бірі Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі

Сала бойынша 88 нысанның құрылысына жалпы 18 млрд. теңге бағытталып, нәтижесінде 50 нысан (оның ішінде 42 мектеп) іске қосылды, аталған көрсеткіш республика бойынша қосылған 114 мектептің үштен бірін құрайды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Бұдан бөлек, облыста «Балапан» бағдарламасы бойынша өткен жылы 27,9 мың орынға 224 мектепке дейінгі ұйымдар іске қосылып, жоспар 136 пайызға орындалған. Нәтижесінде, балабақшалар саны 904 бірліктен 2012 жылы 1128 дейін өсіп, 3-6 жас аралығындағы балаларды қамту көрсеткіші 61,3 пайызға жетті.
«Білім саласына қатаң талаптар қойылды. Ұлтық бірыңғай тестілеу бойынша 30 мектеп директоры, олардың 30 орынбасары қызметерінен босатылып, 238 директорға, 56 орынбасарға тәртіптік шара қолданылды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Бұдан бөлек, техникалық және кәсіптік білім мекемелерін мемлекеттік тапсырыспен бітірген 7385 бітірушінің 6783-і, яғни 92 пайызы жұмыспен қамтылды, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 3,7 пайызға артық.