Былтыр табысы 50 мың теңгеден аспайтын халықтың үлесі 27,8% болды – статистика

«Халық табыстарының құрылымының ең үлкен үлесін еңбек қызметінен түсетін табыстар – 76%, әлеуметтік трансферттерден түсетін табыстар – 12%, өзін-өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыстар – 11% және басқа да ақшалай табыстар – 1% құрайтынын көрсетеді. Халықтың табысы бойынша деректер жан басына шаққанда қалыптастырылатынын түсіндіреміз. Яғни, үй шаруашылығының барлық табыстарының сомасы оның барлық мүшелеріне, соның ішінде балаларға, зейнеткерлерге, жұмыссыздарға және басқаларға бөлінеді», - деп жазады Әсет Ерғалиев.
Агенттік басшысы өзі атаған екі ұғымның арасындағы айырмашылықты нақты көрсететін мысал келтірген.
«Үй шаруашылығы 6 адамнан тұрады: күйеуі – айына 210 мың теңге мөлшерінде жалақы; әйелі – бала күтімі бойынша демалыста, бала күтімі бойынша жәрдемақы алады 30 мың теңге; 3 кәмелетке толмаған бала – асырауында; күйеуінің анасы (зейнеткер) – зейнетақы 67 500 теңге. Үй шаруашылығының жалпы табысы: 210 мың+30 мың+67,5 мың теңге =307,5 мың теңге/6 адам=51 250 теңге. Осы мысалға сүйене отырып, осы үй шаруашылығында айына жан басына шаққандағы табыс - орта есеппен 51 250 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы айына 154 417 теңгені құрады. Өтініште (депутаттық сауал – ред.) келтірілген ақпарат «халықтың жартысында айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды». 2020 жылы үй шаруашылықтарының бюджеттерін іріктеп тексеру қорытындысы бойынша (респонденттердің сөзімен) қалыптастырылды. Өткен екі жылда жағдай айтарлықтай өзгерді 2021 жылы халықтың 41,5% – 50 мың теңгеден аз табыс тапса, 2022 жылы ол 27,8%-ды көрсетті. 2020 жылдан 2022 жыл аралығында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы номиналды мәнде 33% және нақты мәнде 7% өсті», - деп жазылған жауапта.