Былтыр Теңіз кен орнында 30 млн тоннаға жуық мұнай өндірілді

«Былтыр «Теңізшевройл» ЖШС 29,5 млн тонна шикі мұнай өндірді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық. Мемлекетке тікелей қаржылық төлем 14,5 млрд доллар болды. Сонымен қатар, ТШО өндірген шикі мұнайдың әр тоннасына шаққандағы жалпы шығарынды көлемі 2000 жылдан бері 75 пайызға қысқарды»,- дейді ол.
Айтуынша, келешек кеңею жобасы - ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасының басым бөлігі аяқталды. Жоба жүйені іске қосу сатысында.
«ТШО іске асыратын біріктірілген екі жоба аяқталғанан кейін Теңіз кен орынындағы шикі мұнай өндіру 12 млн тоннаға дейін артады, бұл - жылына шамамен 39 млн тонна»,- деді Кевин Лайон.
Спикердің сөзінше, жаһандық мұнай нарығындағы жағдайға қарамастан, компания кәсіби жауапкершілік танытып, нәтижеге жетудің дұрыс жолын таңдау арқылы жоғары көрсеткіш көрсете алады.
«2022 жылы біздің компания Қазақстандағы мұнай-химия өнеркәсібі мен ішкі нарыққа қажетті газға деген сұранысты жабуға Қазақстанға көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. Былтыр ТШО өндірген газдың 87 пайызын Қазақстанның ішкі нарығына жіберді. Бұл орасан зор жетістіктер біздің төрт акционеріміз бен Қазақстан үкіметінің көрсетіп отырған қолдауының арқасында жүзеге асты. Сонымен бірге қызметкерлеріміздің зор қабілеті мен адал еңбегінің жемісі»,- деп атап өтті Кевин Лайон.
Фото: businesswire.com