Былтыр Жамбыл облысының спортшылары 1 128 медаль жеңіп алды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл сайын жаңадан салынған спорт нысандарының саны көбейіп, стадиондар мен ғимараттарды қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
None
None

Мәселен, 2015 жылы Жуалы, Мойынқұм аудандары мен Тараз қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді.

Шу қаласында заманауи үлгідегі спорт кешенін салу жұмыстары басталды. Ол жерде жасөспірімдер күрес, ауыр атлетика, бокс, дзюдо, таэквондо бойынша жаттығады, сонымен қатар түрлі жарыстар өткізілетін болады.

Бүгінгі күнге, облыста 2 013 спорттық нысан бар. Атап айтар болсақ, 1 спорт сарайы, 19 стадион, 665 футбол алаңы, 548 спорт залы, 662 спорт алаңы және 118 өзге де спорт нысандары жұмыс істейді.

Осының арқасында жамбылдық тәрбиеленушілер әр түрлі спорттық жарыстарынан жоғары нәтиже көрсетуде.

Өткен жылы 1 156 спортшы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысып, 1 128 медальға ие болды.

Атап өту керек, ҚР Ұлттық құрамасына спорттың әр түрі бойынша облыстан 470 спортшы енді. Оның ішінде, ұлттық құрамаға - 206, жастар құрамасына - 199, жасөспірімдер құрамасына - 65 бала кіреді.

«Тараз-Арена» спорт сарайында волейболдан Венесуэла, Египет, Испания және Қазақстан командаларының қатысуымен Әлемдік лиганың 1-ші кезеңі өткізілді. «Тараз» волейбол командасы Ұлттық лига командалары арасынан Қазақстан Республикасы XXIII чемпионатының жеңімпазы және 2015 жылдың Суперкубогының иегері атанды.

Сонымен қатар, қазақ күресінен 3-ші рет «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өткізілді.

Б.Ыстыбаев қазақ күресінен республикалық турнирінде 2-ші рет «Қазақстан Барысы» титулын жеңіп алды.

Жалпы, облыс бойынша өткен жылы 2 614 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 540 мыңнан астам адам атсалысты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2 700-ден астам бұқаралық - спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын, барлық жастағы тұрғындарды қамтуды ұлғайту 26%-ын қамту жоспарланып отыр. Жас өспірімдер мен жеткіншектердің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде 7 жастан 18 жасқа дейінгі тәрбиеленушілерді қамту үлесі 11%-ды құрамақ.

2
3
4

Соңғы жаңалықтар