«Быстроток» су арнасы Қырғызстанды айналып өтетін болады - Жамбыл облысының әкімі

АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - Облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары жазғы маусымда су тапшылығын көруде.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанынындағы Орталық коммуникациялар қызметінде болған баспасөз мәслихатында Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Біздің тікелей бастамамызға сәйкес, Үкімет Жуалы ауданындағы «Быстроток» су арнасын қайта жаңғырту туралы шешім қабылдады. Тамыз айында шекаралас бауырлардың осы каналды жапқанын білесіздер. Енді, жаңадан салынып жатқан су арнасы облыс аумағы арқылы Қырғызстанды айналып өтетін болады»,-деп тоқталды әкім.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталмақ. Бұл мақсатқа 5,6 млрд. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар