Бюджет қаржысы тиімді пайдаланылатын болады

Құжатта бюджет жобасын таныстыру сипатын өзгерту арқылы бюджетті жоспарлау сапасын арттыру, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мақсаты мен нысаналы көрсеткіштерінің бюджет шығыстарымен өзара байланысын күшейту көзделіп отыр.
Комитетте заңнамаға толық салық төлеуді мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылды қамтамасыз ететін, декларациялауды өздігінен жүргізу көзделетін жеке тұлғалардың табыстары мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша түзетулер де қаралды. Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына, Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша заңнамаға түзетулерді қарады. Одан басқа, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралды.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.