Бюджет қаржысы заңды да мақсатты жұмсалуы тиіс - С.Тұрсынов, БҚО

АЛ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мемлекет басшысының биылғы мамыр айындағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығына сәйкес барлық облыстар мен Астана, Алматы қалаларында дербес мемлекеттік мекеме түрінде тексеру комиссиялары құрылғаны белгілі. Аталмыш комиссиялар бюджет қаржысының заңды әрі мақсатты жұмсалуын бақылайды. Бұл жөнінде БҚО бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Серік Тұрсынов былайша әңгімелеп берді.
None
None

Оның айтуынша, қаржылық бақылау - демократия негізі және басқа мемлекеттік органдар арасында елеулі рөл атқарады. Тәуелсіз қаржылық бақылауды жүзеге асыру арқылы атқарушы биліктің бюджет қаржысын жұмсаудағы қызметіне баға беріледі. Өйткені бюджет қаржысы - салық төлеушілердің, халықтың қаржысы. Сондықтан бұл ақшаның қайда жұмсалып жатқанын тұрғындар біліп отыруы тиіс.

Тексеру комиссиялаы өз отырыстарында лауазымды қызметкерлердің есебін тыңдап, тиісті қаулылар қабылдайды. Заңбұзушылыққа жол берген қызметкерлер жөнінде мемлекеттік органдарға ұсыныс беріледі.

Тексеру комиссиясы - тәуелсіз орган. Оның қзыметкерлеріне әдістемелік тұрғыдан Есеп комитетінен қолдау көрсетіледі. Тексеру комиссиясының төрағасы мен төрт мүшесін мәслихаттар бес жылға тағайындайды. Бұл ретте төраға Президент Әкімшілігінің келісімімен тағайындалады.

Облыста тексеру комиссиясының құрылған күні 2011 жылғы 21 тамыз болып есептеледі, сол күні облыстық мәслихат осы мемлекеттік мекеме туралы ережені бекітті. Қазіргі кезде комиссияның заңдық негізі қалыптасып, алдағы іс-жоспарлар пысықталуда. Комиссия білікті мамандармен жасақталды. Ұйымдастыру шараларымен қатар жекелеген аудандарда қаржылық бақылау жұмыстары жүргізіліп, алғашқы нәтижелер шыға бастады.

«Жұмыс ауқымы өте кең. Облыс бюджеті бүгінгі таңда 96 млрд. теңгеден асты. Облыстық, қалалық және 12 аудандық бюджеттің орындалуын тексеру оңай жүк емес. Бұл міндетті абыроймен атқаруға тырысатын боламыз», деп қорытты ойын С.Тұрсынов.

Соңғы жаңалықтар