20:05, 20 Ақпан 2009 | GMT +5
Бюджет кодексін, мемлекеттік сатып алуға қатысты заңнаманы халыққа түсіндіру жөнінде семинар-кеңес өтті
АҚТАУ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Бүгін Ақтауда Бюджет кодексін, «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңы туралы халыққа жеткізу бойынша топтық семинар-кеңес өтті.
![None None](/static/img/plug.webp)
Онда облыс басшылары мен қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұловтың басқаруымекн Қаржы министрлігінің жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» ХДП мен «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Семинарда министрліктің қызметкерлері бюджет және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың негізгі ережелерін түсіндірді. Бюджет кодексі ауқымында бюджеттерді атқарудағы жаңашылдық туралы айтылды. Бюджет кодексі бюджетті атқару рәсімдерін барынша жеңілдеткен, онда әкімшілік тосқауылдарды алып тастау мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, бір қатарда бірінші басшылардың жауапкершіліктерін күшейте отырып, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізу үшін бюджетті атқару кезінде шешімдер қабылдау бойынша көбірек дербестік берілген.Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға негізгі түзетулер нақты секторларды мемлекеттік қолдауға, отандық тауар өндірушілер мен жұмыстардың, қызметтердің өнім берушілерін ынталандыруға және ҚР Үкіметінің 2008 жылғы қазанның 13-індегі кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысы алға қойған қойған міндеттерге сәйкес тапсырыстарды отандық кәсіпорындарда орналастыру үшін мемлекет пен мемлекеттің қатысқан компаниялардың қаражаттарын пайдалану арқылы қазақстандық мазмұнды ұлғайтуға бағытталған.Заңмен 2010 жылдан бастап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізудің электрондық форматына көшу көзделген және осы тәсілмен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бағалық бастапқы мәні (4000 АЕК) алынып тасталды. Электрондық мемлекеттік сатып алудың веб-порталы құрылды, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор ? «Зерде» ұлттық холдингінің «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС анықталды, Бірыңғай оператор Заңның талаптарын ескере отырып, веб-порталдың жұмыс істеуін қамтамасыз етті, сондай-ақ баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу модулі іске асырылды.