18:20, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
Бюджет қызметкерлері жалақысының артуы ? жағымды жаңалық
АҚТӨБЕ. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ – Жаңа жылдан бастап бюджет қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға артуы – бұл жағымды жаңалық, деді Ақтөбедегі УК 168/1 колониясының қызметкері Ермек Дүйсекенов,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Кішкентай сәбиі бар жас отбасы Дүйсекеновтар үшін бұл үлкен демеу. Әлемдік экономикадағы үрдістің салдарларын ескергенде бұл уақытылы көмек.«Менің әйелім декреттік демалыстан кейін жақында жұмысқа шықты, ол да бюджет саласында ? Ақтөбе қаласындағы № 3 клиникалық-диагностикалық емханада дәрігер-педиатр болып жұмыс істейді. Сондықтан біздің отбасындағы жалақы 50 пайызға өсті», ? деп қуанды ол.Енді Дүйсекеновтар несие алып, үйдегі жиһазды жаңартуды жоспарлап отыр.