Бюджетке 350 млн теңге залал келтірген күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Бас прокуратурасы экономикалық қызмет саласында ауыр қылмыс жасағаны үшін Қазақстан азаматын Қырғыз Республикасынан экстрадициялады.
Тергеу мәліметіне сәйкес, 2023 жылы күдікті мүліктік пайда табу мақсатында нақты жұмыстарды орындамай, жалған шот-фактуралар жазып беру схемасын ұйымдастырған.
Заңсыз әрекеттер салдарынан мемлекеттік бюджетке 350 млн теңгеге жуық салық төлемеу түрінде залал келтірілген.
- Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылдың наурыз айында ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, - делінген ақпаратта.
Аталған қылмыс үшін мүлкін тәркілей отырып, 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Айта кетейік, Черногориядан алаяқтық жасады деген күдікпен түрік азаматы экстрадицияланды.