Бюджеттік қаржыға алынатын көліктерге қаржыны тиімді жұмсау мәселесі ерекше назарға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бюджеттік қаржыға сатып алуға жоспарланған бір санаттағы көлікке еліміздің өңірлерінде бюджет қаржысы әр түрлі сомада қарастырылғанын. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Ардақ Теңгебаев мәлім етті.
None
None

«Мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алуға мәлімдеген автокөліктердің құнына талдау жүргізілді. Сол талдаудың нәтижесі бойынша көліктердің бір маркісіне республиканың түрлі өңірінде бағаның әрқилы екенін анықтады. Бұл бағаның айырмашылығы елдің кейбір аумағында 40 пайызға дейін жоғары болып отыр», - деді А. Теңгебаев.

Бұл тұрғыда барлық бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне осы мәселені қарастыру үшін нұсқау хат жіберілген екен.

Оның сөзіне қарағанда, осы орайда бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуын болдырмау үшін Қаржылық бақылау комитеті автокөлік сатып алуға арналған шығыстарды жоспарлау кезінде қолдамауға болатын жүйелі ұсыныстарды қазіргі кезде әзірлеп жатыр.

«Мұндай жұмыс мемлекет қаржысы игерілетін бағыттардың барлығында жүргізілетін болады. Жұмыс тобы іс-қимылдарының жоғарыда айтылған кестесі мемлекеттік сатып алуға қатысушыларды салықтық тәртібін көтеруге, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруға бөлінетін қаржының, сондай-ақ бүкіл бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар