16:40, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Бюджеттік жобалар құнының артуының астарында күдікті бизнес қалыптасып отыр
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бюджеттік жобалар құнының артуының астарында күдікті бизнес қалыптасып отыр. Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«2012 жылы жобалық құнның арту көлемі 40 млрд. теңге, осы жылы 60 млрд. теңгеге артты. Жоба қабылданған кезде біз қараймыз, ал содан кейін шамамен 50 пайызға қымбаттау орын алады», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының пайымынша, барлық проблема әзірлеу төңірегінде орын алуда. Әсіресе, жобалық-сметалық құжаттаманы қарау төңірегінде күдікті бизнес қалыптасып отыр. Олар үкіметтің лицензиясын алып, бүгінде бүкіл ел аумағында жұмыс істеуде.
«Осы жобалық-сметалық құжаттаманы мыңдаған адам, мыңдаған компания ұсынады. Олардың барлығына да лицензия таратып берген. Мұның барлығының мән-жайын анықтауды тапсырамын», - деді ҚР Президенті.