Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етуі тиіс – Асқар Мамин

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық үлесті арттыру бойынша жаңа ұсыныстар дайындап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы айтып өткендей, ел алдында үлкен әрі күрделі міндеттер тұр. Қазіргі жағдай бізден нақты және үйлесімді қадамдарды талап етеді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктелді. Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бәсекеге қабілетті нақты секторды белсенді дамытуды және экспорт құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етеді», - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Жолдауды іске асыру стартегиялық маңызды салаларды мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге ықпал жасайды.

«Қазақстандық үлесті арттыру бойынша жаңа ұсыныстар дайындап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет. Экономиканың барлық салаларын барынша цифрландыру керек. IT-саласының бизнеспен байланысын белсенді ұйымдастыру қажет. Жасыл технологияларды қолдану басым бағытқа айналуы тиіс», - деді ол.

Премьер-Министр шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау механизмдерін қайта қарап, жетілдіру керектігін баса айтты. Сонымен қатар қолайлы бизнес ахуал жасау жұмысы жалғасуы тиістігін атап өтті.

«Бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі ұлттық басымдықтарды қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларды ескере отырып, «кеңейтілген бюджетті» енгізу керек.Тікелей және портфельдік инвестицияларды тарту, отандық тауарлар мен қызметтердің экспортын дамыту мақсатында «Астана» қаржы орталығының алаңы пайдаланылады»,- деді Асқар Мамин.


Соңғы жаңалықтар