Бюджеттің кірісі 40 пайыз артады - Әлихан Смайылов
«Тау-кен сеткорынан қосымша түсімдер алу үшін заңмен пайдалы қазба байлықтарды игеруге салынатын салықтың мөлшерлемесін 30 пайыздан 50 пайызға дейін көбейту қарастырылды. Цифрлық майнингке салық салу үшін сараланған мөлшерлемелер қарастырылды.
2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын бизнес үшін еңбекақы қорының бірыңғай төлемі енгізіледі. Бұл еңбекақы қорына түсетін салық жүктемесін 35%-дан 20%-ға дейін азайтады», - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуына қарағанда, қазір арнайы салық режимдерін қолдану бойынша салықтық әкімшілендірудің сервистік моделіне көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Жаңа бюджеттік саясат бойынша 3 жылдық бюджет пен Ұлттық қордың өлшемдері қарымта циклдық ережелерді ескере отырып белгіленеді. Мұндай ережелердің енгізілуі Ұлттық қордың жинақтаушы функциясын арттырады. Бюджеттің теңгерімділігі оның кіріс базасын нығайту және бюджет шығысының қарқынын шектеу арқылы қамтамасыз етіледі. Республикалық бюджеттің өз табысы биыл 40% өседі», - деді Үкімет басшысы.
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.