Бюллетеньді бүлдіріп алған жағдайда жаңасы беріле ме

АСТАНА. KAZINFORM — Азаматтарға дауыс беруге бір ғана бюллетень ұсынылады. Бұл жөнінде ҚР Орталық референдум комиссиясы сауалымызға жолдаған жауабында мәлімдеді. 

Сайлау/ дауыс беру
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Комиссия мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ.

Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

— Учаскелерге азаматтар есептен шығару куәлігімен келуі мүмкін. Бұл — тіркелген мекенжайынан басқа жерде дауыс беретіндерге ұсынылатын құжат. Не болмаса, учаскелерге бір тәулікке тіркелгендер де болуы ықтимал. Бюллетеньдердің 1% артық жасалатын себебі  сол. Жоғарыда жазылған екі топтағы азаматтар үшін қарастырылған. Ал бюллетенін бүлдіріп алғандарға екіншісі берілмейді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік бұған дейін тіркеуі жоқ азаматтар референдумға қалай қатысатынын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум