Бюрода Сенат отырысының күн тәртібі келісілді

Депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016-2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы», «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобалары ұсынылады.
Одан басқа, Бюрода таяуда Мәжілістен түскен бес заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Қаржы және бюджет комитетіне «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2016 - 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобалары берілді. «Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарларды әкелу мен олардың айналысының кейбір мәселелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы», «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобалары және осы заң жобасына заңнамаға ілеспе түзетулермен Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті шұғылданатын болды. Бас комитеттер Сенаттың барлық тұрақты комитеттерінің ұсыныстарын пысықтап, осы заң жобалары бойынша Палатаның отырысына тиісті қорытынды әзірлейді.