16:43, 24 Сәуір 2025 | GMT +5
Біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайынбыз - Президент
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Ыстанбұл маңында болған жер сілкінісіне байланысты қолдау білдірді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға Мәрмар теңізі мен Ыстанбұл шаһары аумағында орын алған жер сілкінісіне байланысты алаңдаушылық білдіріп, қолдау сөзін жолдады.
– Сан ғасырлық достық пен бауырластығымызға және елдеріміз арасындағы стратегиялық әріптестікке сүйене отырып, біз түрік халқына әрдайым қолдау көрсетіп, барынша көмек беруге дайын екенімізді растаймыз, – делінген Қазақстан Президентінің жеделхатында.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияда жер сілкінісінен 200-ден астам адам зардап шеккені хабарланды.