22:54, 28 Шілде 2025 | GMT +5
Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады – Тоқаев
АНКАРА. KAZINFORM – Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.
Бұған дейін Мемлекет басшысының Түркияға ресми сапармен барғанын хабарлаған болатынбыз.