Бізде өз ісін терең білетін кәсіп иелері еңбек етеді - Айбек Дәдебаев

ва
Фото: https://qr-pib.kz/

Еңбек күні мерекесіне орай, Айбек Дәдебаев өзінің телеграм арнасы арқылы Президенттің Іс басқармасы жүйесінде еңбек ететін әріптестерімізді құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі таңда Президент Іс басқармасында адам өміріне арашашы болып жүрген білікті дәрігерлер, табиғи байлығымызды қорғауға атсалысып келе жатқан орманшылар, білікті педагогтар, құрылысшылар, инженерлер, электриктер, аспаздар, жүргізушілер, IT мамандары, басқа да өз ісін терең білетін кәсіп иелері еңбек етеді. Сіздердің күн сайынғы еңбектеріңіздің арқасында Президенттің Іс басқармасы Мемлекет басшысының тарапынан өзіне жүктелген салмақты тапсырмаларды, сондай-ақ халық игілігі жолындағы міндеттерді абыроймен атқарып, жауапкершілік үдесінен көрініп келеді", - деді Айбек Дәдебаев.

Президенттің Іс басқарушысы барша әріптестерімізге адал әрі кәсіби қызметтері үшін шынайы ризашылығын білдіре отырып, дендеріне саулық, шаңырақтарына құт-береке мен амандық, қызметте толағай табыс тілейтінін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар