«БЖЗҚ» АҚ 1418 қысқа нөмірін іске қосты
Енді БЖЗҚ салымшылары (алушылары) күн сайын таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін қысқа әрі тез жатталатын нөмірді тере отырып, Қорға қоңырау шалып, өздеріне керекті барлық сұрақтар бойынша кеңес алуларына болады. Осы нөмірге Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторының телефон нөмірінен және стационарлық (қалалық) телефоннан қоңырау шалу - тегін әрі қолжетімді.
1418 нөмірі қалалық телефоннан тегін қоңырау шалынатын «БЖЗҚ» АҚ байланыс орталығының 8 800 080 11 77 нөмірімен қатар жұмыс істейтін болады.
Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ 2013 жылғы 22 тамызда құрылған. Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚР Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру» мемлекеттік мекемесі арқылы БЖЗҚ-ның құрылтайшысы әрі акционері болып табылады.
ҚР Ұлттық Банкі «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап, зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар жасау функциялары Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық Қордың басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады. Салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді.