БЖЗҚ-дан заңсыз ақша шығарған тіс дәрігерлерінің мүлкі тәркіленіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Рorsche, Escalade, BMW – VIP санаттағы осындай көліктер тіс дәрігерлерінен тәркіленіп жатыр. Бұл туралы Jibek joly телеарнасының жаңалықтар қызметінде айтты.  

БЖЗҚ-дан заңсыз ақша шығарған тіс дәрігерлерінің мүлкі тәркіленіп жатыр
Фото: Видеодан алынған скрин

Таяуда «Отбасы банк» пен Денсаулық сақтау министрлігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан азаматтардың жинағының бір бөлігін тіс емдеуге алуға шектеу қоюға шешім шығарған.

Өйткені соңғы үш жылда Зейнетақы қорынан стоматология қызметіне 435 млрд теңге аударып, оның 200 млрд теңгесі заңсыз жолмен шығарылғаны анықталған.

Тексеріс кезінде күніне 70 «пациент» қабылдаған клиникалар бар болып шыққан.

Қаржылық мониторинг агенттігі Атырауда осындай махинация жүргізген 5 қылмыстық топтың әрекетін әшкерелеген.

Күдіктілер зейнетақы қорынан шығарылған қаржының 600 млн теңгесін жымқырған. Оған қымбат көліктер мен бағалы зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтер мен жер телімдер алыпты. 

Бұған дейін агенттік осындай 30-дан аса стоматологиялық клиниканың қылмысын анықтаған.  

Соңғы жаңалықтар