«C5 + Германия» диалогі елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді - Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия Президентімен кездесуіне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Германия
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы жиында «C5 + Германия» диалогі туралы бастама елдер арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ мемлекеттері көшбасшыларының бірлескен күш-жігерін жұмылдыруға болатын ықпалдастықтың басым бағыттарын ұсынды. Президент, ең алдымен, сауда-экономикалық қарым-қатынас, жаңа көлік-транзит дәліздерін дамыту, энергетика саласындағы кооперация мәселелеріне назар аударды.

Кездесу барысында климаттың өзгеруіне және су тапшылығы проблемасына баса мән берілді. Жиынға қатысушылар мұздықтардың еруіне және Орталық Азиядағы экологиялық ахуалдың өзгеруіне байланысты мәселелерді талқылады.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Германияның аталған проблемаларды шешудегі тәжірибесі аймақ үшін аса маңызды.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азия өңірі мен Еуропа Одағы төңірегіндегі геосаяси жағдайға қатысты мәселелерді де қозғады. Сонымен қатар Ауғанстандағы қазіргі жағдай қарастырылды.

Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Украинадағы дағдарыс Еуропаның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігіне айтарлықтай әсер етеді деген пікір айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған жауап ретінде өзара тиімді бейбіт шешімдер іздеуге бағытталған салиқалы дипломатия қажет екенін тағы да мәлімдеді. Мемлекет басшысы тараптардың нақты келіссөздерге кірісуі қажет екеніне назар аударды.

Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейту қажет екеніне тоқталды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ғылым және білім салаларындағы бірлескен жобаларды, неміс тілін оқыту бағдарламаларын іске асыруды қолдады.

Сонымен қатар кездесуде Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов сөз сөйледі.

Осыған дейін Қазақстан мен Германия Президенттері көпжақты ынтымақтастықты нығайта түсуге уағдаласқаны туралы жаздық.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Германия Президентімен кездесуіне қатысты.

Еске салсақ, кеше ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды.

Президент Германия Канцлері Олаф Шольцтің ведомствосына барып, бетпе-бет форматында келіссөз жүргізді.

Келіссөздерден кейін тілшілерге берген баспасөз мәслихатында Президент Қазақстанның Ресеймен екіжақты тарапта және тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық қарым-қатынаста екенін айтты.

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстанның ұстанымы жөнінде пікір білдірді. Өзара айыптауларды тоқтатып, іскерлік келіссөздер жүргізуге шақырды.

Қазақстан мен Германияның ірі және орта бизнестері арасында маңызды коммерциялық келісімдер бекітілді.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлерімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Президент жүргізілген келіссөздер қазақ-герман қатынастарын одан әрі нығайтуға екі тараптың ниетті екенін тағы да растағанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар