CA vs USA: Бесеуі бір жақ

None
Photo from the personal archive of Gavin Helf
Америкалық сарапшылар Қазақстан делегациясының Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапарының күн тәртібіне қатысты болжамын айтты. Олардың пікірінше, АҚШ пен Қазақстан инвестициялар мен Орта дәлізді дамыту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Халықаралық салық және инвестиция орталығының Энергетика, экономикалық өсу және қауіпсіздік жөніндегі халықаралық бағдарламасының директоры Уэсли Хилдің атап өтуінше, көптеген америкалық компаниялар Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне үнемі қызығушылық танытады, өйткені Шығыс Азия, Африка, Латын Америкасы немесе Еуропа сияқты әлемнің басқа аймақтарымен салыстырғанда, бұл – АҚШ инвесторлары үшін салыстырмалы түрде пайдаланылмаған нарық.

Осыған байланысты АҚШ пен Қазақстанның күн тәртібінде Орта дәлізді инвестициялау және дамыту тақырыптары болмақ.

АҚШ сондай-ақ, Орталық Азия елдеріне аймақта өзекті болып отырған су мәселесі жобаларын қаржыландыруда да көмек көрсете алады. Ауқымды мәселелердің бірі – Орталық Азиядағы су тапшылығы қаупін төндіретін Ауғанстанның ирригациялық саясаты. Талибан билігі бірнеше өзенге бөгет тұрғыза бастады, бұл Иранмен шекарада қақтығыс тудырды. Кабул сондай-ақ, Орталық Азияның мүддесін қозғайтын Әмудария өзенінде ирригациялық құрылыстар салу жоспарын жариялады.

Ауғанстандық бағытта АҚШ босқындар дағдарысының алдын алу мақсатында Ауғанстанға көмек көрсету, соның ішінде азық-түлік жеткізу бойынша Орталық Азия елдерімен ынтымақтастыққа мүдделі.

Америкалық сарапшы қазақстандықтарды америкалық оқу орындарында, оның ішінде құқық қорғау саласы бойынша оқыту мәселелері де көтерілетінін айтты.

Еуразия орталығының вице-президенті Ральф Виннидің пікірінше, АҚШ үшін Қазақстанмен қарым-қатынасын өте жоғары деңгейде жалғастыру, оның бизнес саласын ілгерілету және шағын және орта компанияларды халықаралық деңгейде дамытуға көмектесу маңызды.

Сарапшы БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін қазақстандық делегация Қазақстанмен өзара әрекеттесуге ниеті бар америкалық тараппен жоғары деңгейде өзара іс-қимыл жасайды деген үмітін білдірді.

Оның пікірінше, серіктестер үшін қазақстандық және америкалық шағын және орта компанияларға тиімді болатын стратегиялық экономикалық даму жоспарының болуы маңызды.

АҚШ-тың аймақта осындай стратегиялық және экономикалық қатысуы Орталық Азия мен оның логистикасы – Орта дәліздің қауіпсіздігі үшін зор маңызға ие болмақ.

Осылайша, Қазақстан, Еуропа және Америка халықтарының игілігіне көлік дәлізін ілгерілету үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалану – АҚШ түшін басты қадам.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы серіктестікті дамыту және кеңейту үшін бизнес мүмкіндіктерінің жаңа секторларын құру ғана емес, сонымен қатар тараптар арасындағы мәдени және спорттық өзара іс-қимылды қамту қажет.

Сарапшы Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға оң баға берді.

«Менің ойымша, олар дұрыс бағыт алған, бұған уақыт қажет. Заң үстемдігін құрметтеп, сот жүйесін жетілдіріп, бизнес қауымдастығымен жұмыс істеу керек», - деді Ральф Винни.



АҚШ-тың Орталық Азия бойынша Бейбітшілік институтының аға сарапшысы Гивен Хельф АҚШ Қазақстанның көпвекторлы саясатын құрметтейтінін және қолдауға дайын екенін атап өтті.

Инвестициялық салада Қазақстан америкалық тарапқа «жасыл» әлемдік экономикаға бағытталған көмірсутегі шикізатынан кейінгі жобаларды ұсынуы қажет, бұл – талқыланатын тақырыптардың бірі болуы мүмкін.

Сарапшының пікірінше, АҚШ Қазақстанға уранның отын циклы технологиясын дамытуда қолдау көрсете алады, өйткені көптеген мемлекеттер ядролық энергетиканы қолдауды қажет етеді.

Америкалық компаниялар мен олардың инвестицияларын тарту – талқыланатын мәселелердің бірі болмақ, ол Қазақстанның Орта дәліз арқылы сыртқы әлеммен байланысын қолдауға қатысты.

Сондай-ақ, «Орта дәліз» логистикасын дамыту тек АҚШ үшін ғана емес, Орталық Азия арқылы Қытай мен Еуропа елдерінің сауда қатынастарын ұйымдастыру шеңберінде Қытай үшін де өзекті.

Құрама Штаттар Орталық Азиядағы су мәселелерін шешуге кеңес, техникалық көмек және сараптама арқылы көмек ұсына алады.

Гивен Хельфтің пікірінше, АҚШ Орталық Азия елдеріне аймақтық деңгейде тиімдірек ынтымақтастық орнатуға көмектесе алады. Сондықтан, Ақ үй Қазақстанның «ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамыту жөніндегі достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа» (2022 жылғы шілде, Чолпон-Ата) қол қою туралы бастамасына зор қолдау көрсетті.


Соңғы жаңалықтар