Cадақ атудан Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы садақ атудан Сингапурдегі Азия кубогының кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды.

садақ
Фото: ҰОК

Блоктық садақ атудан аралас командалар арасында Адель Жексенбинова мен Андрей Тютюн жұбы ақтық сында Үндістаннан басым түсті. Қорытынды есеп 155-153.

Тағы бір финалдық кездесуде Қазақстан ерлер құрамасы Үндістаннан барған қарсыластарын 235:231 есебімен жеңді. Бұл сында еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхамет Муса және Бунед Мирзаметов қорғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін садақ атудан Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы финалға жолдама алғанын жазған едік. 

 

Соңғы жаңалықтар