Cадриддин Ахмедов WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық 20 жастағы боксшы Садриддин Ахмедов (7-0, 7КО) WBC нұсқасы бойынша жастар арасында бірінші орта салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM».
None
None

Қазақстандық 20 жастағы нокаутердің промоутері оның мақсатын айтты. Канаданың Монреаль қаласындағы Montreal Casino ойын-сауық орталығында өткен жекпе-жекте Ахмедов Мексика боксшысы Абрахам Хуаресті (13-2, 5 КО) төртінші раундта уақытынан бұрын жеңді.

Жекпе-жек жалпы он раундқа есептелген. Осылайша, Астана тумасы кәсіпқой бокс рингінде бірде-бір рет жеңілмей келе жатыр.

Соңғы жаңалықтар