Career Enbek платформасында азаматтың жеке цифрлық профилін құру іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Career Enbek платформасында азаматтың жеке цифрлық профилін құру іске қосылады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

44 новых бесплатных курса появилось на платформе Skills Enbek
Фото: freepik.com

- Mansap Compass платформасында интеграцияланған цифрлық навигатор жұмыс атқаруда. Ол мамандық таңдауға көмектеседі, кәсіптік тестілеуден өтуге, оқыту бойынша жеке ұсыныстар алуға, онлайн курстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Career Enbek платформасы Ұлттық біліктілік жүйесінің барлық негізгі құралдарын «бір терезе» форматында біріктіреді. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын пайдалану арқылы платформада азаматтың жеке цифрлық профилін құру іске қосылуда», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Премьер-Министрдің айтуынша, 800-ден астам жаңа мамандықты қамтитын жаңартылған Ұлттық кәсіптер классификаторы дайындалды. Оның ішінде IT-мамандықтар (QA-инженер, DevOpsинженер, BI-аналитик, IoT-жүйелерінің инженері, цифрлық технолог, Web-мастер), маркетинг және цифрлық мамандықтар (бренд-менеджер, маркетинг аналитигі, SMMменеджері, UX/UI-дизайнер және т.б.) бар. 

- Бұл мамандықтар креативті экономикада, цифрлық агробизнес пен логистикада сұранысқа ие. Олардың ресми танылуы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, гранттарды тағайындауға, кәсіптік стандарттарды құруға және жұмыспен қамту бағдарламаларын іске қосуға мүмкіндік береді, - деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін елімізде жұмыссыздарды VR-технологиялары негізінде оқыту қолға алынатынын жазған едік

Соңғы жаңалықтар