10:02, 06 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Caspi Bitum зауытында өрт шықты
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 6 қыркүйек күні сағат 08:05-те «Caspi Bitum» ЖШС-де атмосфералық колоннаға апаратын құбырда өрт шықты. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы хабарлады.

Ресми мәліметке қарағанда, өрт ошағы зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесімен 08:32-де толықтай сөндірілген. Оқиға орнына «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС-нің өрт сөндіру бөлімшелері мен ТЖД қалалық өрт қызметі де жұмылдырылды.
- Зардап шеккендер мен материалдық шығын тіркелген жоқ, - деп жазды ведомстводан.
Айта кетейік, «Caspi Bitum» зауыты Маңғыстау облысының Құрық кентінде орналасқан. Бұл кәсіпорын «ҚазМұнайГаз» және қытайлық CNPC бірлескен жобасы ретінде 2013 жылы іске қосылған.
Еске салайық, Ақтөбеде қоқыс полигонындағы өрт екі тәуліктен соң толық сөндірілді.