Caviar Қазақстанға арналған «iPhone 5s» жасап шығарды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қымбат әшекейлі бұйымдар жасаумен айналысатын итальяндық «Caviar» компаниясы шектеулі данамен Қазақстанға арналған алтын жалатылған смартфон жасап шығарды.
None
None

Компанияның ресми сайтының жазуынша, өнімнің авторы - Илия Джакометти. Caviar Kazakistan телефонының сыртында еліміздің ұлттық белгілері мен Астананың көрікті орындары - Бейбітшілік және келісім сарайы мен Бәйтерек бедерленген. Сырты қымбат металл және тері жабынмен қапталған CAVIAR iPhone 5S-тің жады 64 Гб құрайды.

Бар-жоғы 5-ақ данамен шығарылған телефонның бағасы - 809 мың теңге. Бір қызығы, телефон қорабына әдеттегідей «Kazakhstan» деп емес, «Kazakistan» деп жазылған. Айта кетейік, бұған дейін мұндай қымбат телефонды елімізде даңқты боксшы, Қазақстан бокс федерациясының спорттық директоры, екі дүркін әлем және Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сатып алғандығы жөнінде хабар тараған еді. Сондай-ақ аталған компания осыған дейін Владимир Путин мен Стив Джобс бейнеленген телефондарды нарыққа шығарған болатын, деп хабарлайды skifnews.kz.

Соңғы жаңалықтар