CDMA/EVDO технологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз кең жолақты қолжетімділіктің ең жоғарғы жылдамдығы екі есе өсті

АСТАНА. 1 ақпан. ҚазАқпарат - 1 ақпаннан бастап республикамыздың ауылдық елді мекендерінде CDMA/EVDO тенологиясы бойынша Интернет желісіне сымсыз қолжетімділік қызметі үшін мәліметтерді беру ең жоғарғы жылдамдық 512-ден 1024 Кбит/с дейін «Megaline 2000» және «Megaline 4000» («Қазақтелеком» АҚ) тарифтік жоспарларындағы абоненттік төлемдерін жоғарылатусыз көтерілді.
None
None

Бұл туралы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске салатын болсақ, 2012 жылы CDMA/EV-DO технологиясы бойынша интернеттің жылдамдығы 256-дан 512 Кбит/с дейін көтерілген болатын.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтарында CDMA/EVDO технологиясы бойынша сымсыз интернеттің пайдаланушылары үшін ауылдық елді мекендерде абоненттік төлемді көтерместен алдын ала төленген трафик көлемі 2 есе көбейтілді.

Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерде интернетке қосылу (EV-DO) құны 29,5 пайызға төмендетілді. Енді бұл қызметке қосылу құны 7056 теңгенің орнына 4974 теңгені құрайды.

Оған қоса, 2013 жылдың аяғына дейін халық саны 50 адам шамасында және одан асатын барлық елді мекендер CDMA/EVDO технологиясы бойынша сымсыз интернетке қосылу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Қосымша айта кететін жайт, көрсетілетін байланыс қызметтер сапасын жоғарылату және Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік тарифтерін төмендету шараларын іске асыру нәтижесінде Қазақстан БЭФ (Бүкіләлемдік экономикалық форум) рейтингісінде Интернет желісіне белгіленген кең жолақты қолжетімділік қызмет тарифтер деңгейі бойынша 2011 жылы 19-шы орыннан 13-ші орынға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар