12:07, 04 Шілде 2009 | GMT +5
Целиноград аудандық ауруханасында жаңа сандық флюорография жабдығы орнатылды
КӨКШЕТАУ. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Целиноград аудандық ауруханасында сандық флюорография жабдығы орнатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өкпе дертін анықтауға қажетті жаңа технологиялық жабдық Мәскеу қаласынан жеткізілді. Оны сатып алып, іске қосуға бюджеттен 12 миллион теңге қаржы жұмсалып отыр. Ендігі күні аймақта тұрып жатқан 30 мың тұрғынды уақытылы тексерістен өткізіп, өкпе дертінің алдын алуға мүмкіндік жасалды. Дәрігерлер компьютер арқылы аурудың ошағын, қай ағзаға жабысқанын дәл, уақытында анықтап, тиісті диагноз қоя алады.